Даланың дара тұлғасы » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Коммунальное государственное учреждение
«Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова»
отдела образования города Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 43-34-92
Бухгалтерия
+7(7262) 43-29-21
Версия для
слабовидящих
12
февраль
2025

Даланың дара тұлғасы


Февраль айының 3-і күні Ә. Бөкейханов атындағы №1 гимназия қабырғасында гимназия тарихында мәңгі сақталатын ерекше іс-шара өтті. Бұл – Алаштың ардақты ұлы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, елінің бірлігі мен жерінің тұтастығы үшін аянбай тер төккен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен еңбегіне арналған «Даланың дара тұлғасы» атты дәріс сағаты еді.
📌 Іс-шара қонақтары:
1️⃣ Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы – Д.А. Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы.
2️⃣ Қалиев Берік Мақұлбекұлы – «Асқақ рух, еркін ел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Мәдениет саласының үздігі, әнші, термеші.
3️⃣ Сқақов Бегалы Аралбекұлы – қоғам белсендісі.
4️⃣ Шағырбаев Бақыт Қысатайұлы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі.
5️⃣ Тұрлыбеков Нұғман Сүлетайұлы – Д.А. Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесі төрағасының кеңесшісі.
6️⃣ Нұрланқызы Бекзат – Д.А. Қонаев орталығының меңгерушісі.
🕊️ Дәріс сабағы барысында қадірлі қонақтар Дінмұхамед Ахметұлының өмірі мен қызметі жайында тың деректермен бөлісіп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Ел басқарудағы ұстанымы, қарапайымдылығы мен адалдығы туралы тағылымды әңгімелер айтылып, оқушыларға өнегелі ойлар ұсынылды.
🎭 Сонымен қатар, қонақтар гимназия музейінің жұмысымен танысып, ондағы тарихи-танымдық экспонаттармен жіті танысты.
🎶 Іс-шара барысында гимназияның дарынды оқушылары мен ұстаздары өз өнерлерін паш етті:
🎼 Күмбірлеген домбырадан төгілген кдомтыңдарман жүрегін тербесе, әсем әндер жиынның рухын асқақтатты.
🎭 «Асылдың тұяғы» атты қойылым көрерменге Димекеңнің өмірінің бір үзігін бейнелеп, шынайы әсер қалдырды.
🔹 Іс-шара соңында қонақтар гимназия ұжымына зор алғысын білдіріп, ұстаздарды Д.А. Қонаев атындағы халықаралық қорға мүшелікке қабылдап, құрмет белгісі ретінде Қонаев қорының төсбелгісін табыстады. Бұл – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттауда аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға көрсетілген ерекше құрмет еді.
🔹 Бұл тағылымды кездесу – жастардың санасына ұлт руханиятының асыл құндылықтарын сіңіріп, елінің өткенін құрметтеуге баулитын ерекше сабақ болды. Ұлт үшін аянбай қызмет еткен тұлғаларды дәріптеу – болашаққа бағдар жасаудың жарқын көрінісі.
«Тарихын білген ұрпақ – тамырын тереңге жайған бәйтерек» демекші, Д.А. Қонаевтың дара жолы – мәңгілік ел мұратына жетелер шамшырақ іспетті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив