Оқу орындарының оқушылармен кездесулері » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Коммунальное государственное учреждение
«Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова»
отдела образования города Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 43-34-92
Бухгалтерия
+7(7262) 43-29-21
Версия для
слабовидящих
» » » Оқу орындарының оқушылармен кездесулері
12
февраль
2025

Оқу орындарының оқушылармен кездесулері


5 февраль күні Ә. Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының 11-сынып оқушылары ҚР Білім және жоғары білім министрлігі мен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің ұйымдастыруымен өткен "Study in Kazakhstan" атты көрмеге қатысты. Бұл шара 10-11 сынып оқушыларына арналған және оған 20-дан астам шетелдік ЖОО филиалдары қатысты.
🔰 Шараға ҚР Білім және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәменов, Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов, педагог-профориентолог Айдос Жұманазар, сондай-ақ шетелдік ЖОО филиалдарының өкілдері, бітіруші түлектер мен ата-аналар қатысты.
⚜️ "Study in Kazakhstan" көрмесінің мақсаты – Қазақстаннан шықпай-ақ, шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігін ұсыну арқылы жастарға халықаралық тәжірибе игеруге жағдай жасау және достық қарым-қатынастарды нығайту.
• Қазіргі таңда еліміздің көптеген өңірлерінде беделді шетелдік ЖОО-лармен байланыс орнатылып, ҚОС ДИПЛОМ жүйесі енгізілуде. Алдағы уақытта шетелдік жоғары оқу орындарының санын арттыру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Білім және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев өз баяндамасында атап өтіп, түлектерге жылы лебізін жеткізді.
🔰 Бітіруші түлектерге Дулати университетінің базасында ашылған Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті, сондай-ақ беделді Америкалық "Arizona" университеті, "Анхальта" университеті және "Coventry University" туралы толық ақпарат беріліп, ондағы білім алу мүмкіндіктері баяндалды.
🔰 Мектебіміздің оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сапалы жоғары оқу орнына түсуге қатысты пайдалы кеңестер алды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив