КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз" https://www.1-taraz.mektebi.kz/ ru КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз" DataLife Engine Вакансия https://www.1-taraz.mektebi.kz/main/1326-vakansija.html https://www.1-taraz.mektebi.kz/main/1326-vakansija.html 1.Мекеменің мекенжайы: Тараз қаласы Пушкин көшесі №15, тел.: 43-34-92, taraz_1@mail.kz, 080012;
2.Педагог лауазымына бос/уақытша бос орындар:
•Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 16 сағат, 1 уақытша орын (оқыту тілі - қазақша), білімі – жоғары педагогикалық, еңбек өтілі –талап етілмейді, санаты – педагог, еңбек ақысы – 160 000 тг жоғары;
•Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 16 сағат, 1 тұрақты орын (оқыту тілі - қазақша), білімі – жоғары педагогикалық, еңбек өтілі –талап етілмейді, санаты – педагог, еңбек ақысы – 160 000 тг жоғары;
•Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 16 сағат, 1 уақытша орын (оқыту тілі - орысша), білімі – жоғары педагогикалық, еңбек өтілі –талап етілмейді, санаты – педагог, еңбек ақысы – 160 000 тг жоғары;
•Математика мұғалімі – 16 сағат, 1 уақытша орын (оқыту тілі - қазақша), білімі – жоғары педагогикалық, еңбек өтілі –талап етілмейді, санаты – педагог, еңбек ақысы – 160 000 тг жоғары;
•Математика мұғалімі - 16 сағат, 1 тұрақты орын (оқыту тілі - орысша), білімі – жоғары педагогикалық, еңбек өтілі –талап етілмейді, санаты – педагог, еңбек ақысы – 160 000 тг жоғары;
•Көркем еңбек мұғалімі – 16 сағат, 1 тұрақты орын (оқыту тілі - қазақша), білімі – жоғары педагогикалық, еңбек өтілі –талап етілмейді, санаты – педагог, еңбек ақысы – 160 000 тг жоғары;
•Бастауыш сынып мұғалімі - 32 сағат, 2 тұрақты орын (оқыту тілі - қазақша), білімі – жоғары педагогикалық, еңбек өтілі –талап етілмейді, санаты – педагог, еңбек ақысы – 160 000 тг жоғары;
•Педагог-кәсіби бағдар беруші, 1 жүктеме, тұрақты орын (қазақ және орыс тілін еркін меңгерген маман), білімі – жоғары педагогикалық, еңбек өтілі –талап етілмейді, санаты – педагог, еңбек ақысы – 90 000 тг жоғары;
•Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі (бастауыш буын) орынбасары, 1 жүктеме, тұрақты орын (қазақ және орыс тілін еркін меңгерген маман), білімі – жоғары педагогикалық, еңбек өтілі –талап етілмейді, санаты – педагог, еңбек ақысы – 90 000 тг жоғары;
•Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі (орта буын) орынбасары, 1 жүктеме, тұрақты орын (қазақ және орыс тілін еркін меңгерген маман), білімі – жоғары педагогикалық, еңбек өтілі –талап етілмейді, санаты – педагог, еңбек ақысы – 90 000 тг жоғары;
•Директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары, 1 жүктеме, тұрақты орын (қазақ және орыс тілін еркін меңгерген маман), білімі – жоғары педагогикалық, еңбек өтілі –талап етілмейді, санаты – педагог, еңбек ақысы – 90 000 тг жоғары;
3.Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:
Лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
ата-аналарға кеңес береді;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика мен психология;
пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
4.Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 13.08-21.08 аралығы.
Конкурстық Комиссияның құжаттарды қарау уақыты: 22.08.-28.08.2025 жыл
5. Конкурсқа қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.]]>
1.Мекеменің мекенжайы: Тараз қаласы Пушкин көшесі №15, тел.: 43-34-92, taraz_1@mail.kz, 080012;

admin Tue, 12 Aug 2025 00:01:41 +0600
ЖЕҢІС ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАС СПОРТШЫ! https://www.1-taraz.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/1325-zhes-zholynday-zhas-sportshy.html https://www.1-taraz.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/1325-zhes-zholynday-zhas-sportshy.html
Жамбыл облысының қол күресі бойынша өткен чемпионатында оқушымыз Исмайлов Самир 2-орын иеленіп, гимназиямыздың абыройын асқақтатты!
Төзімділік пен табандылықтың, жігер мен намыстың айғағындай болған бұл жарыста Самир қарсыластарына тегеурінді қарсылық танытып, күміс жүлдені жеңіп алды.
Жас спортшыға алдағы додаларда сәттілік пен биік белестер тілейміз!
Жеңісті күндерің көп болсын, Самир!]]>

admin Wed, 04 Jun 2025 16:51:12 +0600
Дене шынықтыру https://www.1-taraz.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/1324-dene-shynytyru.html https://www.1-taraz.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/1324-dene-shynytyru.html
ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!🏅
«Дене шынықтыру» пәні бойынша 5–6 сынып оқушылары арасындағы Республикалық олимпиадада
волейбол спорт түрінен
Тараз қаласының командасы
жоғары нәтиже көрсетіп, ІІІ орын иеленді! 🎉👏
Бұл — оқушылардың тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушыларының білікті жетекшілігінің жемісі!
Команда жетекшісі, әріптесіміз
🏐 Уразымбетов Ж.Д шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңістеріңіз көп болсын!
Тараздың абыройын асқақтатқан шәкірттерімізге алғыс білдіреміз!]]>

admin Wed, 04 Jun 2025 16:43:13 +0600
Жеңіл атлетика https://www.1-taraz.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/1323-zhel-atletika.html https://www.1-taraz.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/1323-zhel-atletika.html
Қуанышты жаңалық!
«Дене шынықтыру» пәні бойынша 5-6 сынып оқушылары арасындағы жеңіл атлетикадан Республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орын иеленген — Ибрагим Байжанды шын жүректен құттықтаймыз! 🥈🏃‍♂️
Бұл — табандылық пен еңбектің жемісі!
📚 Жетекшісі: Уразымбетов Жанболат Дүйсенұлына зор алғыс білдіреміз!
💪 Байжанның бұл жеңісі — талай биік белестердің бастамасы болсын! Жетістіктерің көп болсын, чемпион!]]>

admin Wed, 04 Jun 2025 16:35:38 +0600
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! https://www.1-taraz.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1322-ttytajmyz.html https://www.1-taraz.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1322-ttytajmyz.html

Білім мен біліктілікті басты құндылық санаған гимназия директоры, ұлағатты басшы – Маханова Асем Нургалиевна
2025 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы ұйымдастырған «Мақсатты мектеп» жобасы аясында өткізілген біліктілік арттыру курстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, сапалы өтуіне қосқан кәсіби үлесі үшін АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды!
Бұл – Асем Нургалиевнаның білім беру ісіне деген жоғары жауапкершілігінің, табанды еңбегі мен үздіксіз ізденісінің айқын нәтижесі.
Сізді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, жаңа биіктер мен жемісті еңбек тілейміз!
Ізденіс пен ілгерілеуге толы жолыңыз жана берсін!]]>

admin Thu, 29 May 2025 11:33:47 +0600
Мектебім, саған мың алғыс! https://www.1-taraz.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1321-mektebm-saan-my-alys.html https://www.1-taraz.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1321-mektebm-saan-my-alys.html
Міне, Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияда тағы бір оқу жылы аяқталып, тарихы терең, іргелі білім ордасы арман қуған 95 түлегін үлкен өмірге ұшырды.
📅 24 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шарада мектеп түлектері ұстаздарына, мектебіне алғыс білдіріп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
🌟 Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Календеров Нұржан Сәбитұлы арнайы қатысып, ақжолтай тілегін білдірді.
🏅 Биылғы жылы 2 түлек – «Алтын белгіге», 13 түлек – «Үздік аттестатқа» үміткер.
Құрметті жас түлектер!
Жолдарың ашық болсын! Еліміздің ертеңі өздеріңдей білімді, тәрбиелі, жігерлі жастардың қолында. Арман асуларыңа сүрінбей жетіңдер, биікке самғаңдар!]]>

admin Thu, 29 May 2025 11:31:13 +0600
Үздік мектеп - 2025 https://www.1-taraz.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1320-zdk-mektep-2025.html https://www.1-taraz.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1320-zdk-mektep-2025.html

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сәлемов Серік Жақсылықұлы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Үздік 100 мектеп - 2025» рейтингіне енген Әлихан Бөкейханов атындағы #1 гимназия директоры Маханова Асем Нұрғалиқызын салтанатты түрде марапаттады.
Осы тізімнен Әлихан Бөкейханов атындағы гимназиямыздың табылуы – ұжымымыздың білім мен тәрбие жолындағы табанды еңбегінің, ізденіс пен жаңашылдыққа негізделген қажырлы қызметінің жемісі!
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың арнайы құттықтау хатын Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлович гимназия ұжымына салтанатты түрде табыстап, жылы лебізін білдірді.
🔰Бұл – ең алдымен мектебіміздің әкімшілігі мен мұғалімдерінің жоғары кәсіби біліктілігі мен жанқиярлық еңбегіне берілген әділ баға!
🔰Ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша әріптестерімізге алғысымыз шексіз!
🔰Алда – жаңа белестер, жарқын жетістіктер! Бірге шыңды бағындырамыз!]]>

admin Thu, 29 May 2025 11:22:36 +0600
Кітапхана - білімнің күншуағы https://www.1-taraz.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1319-ktaphana-blmn-knshuay.html https://www.1-taraz.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1319-ktaphana-blmn-knshuay.html
Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған басты мақсат- білімді ұрпақ тәрбиелеу.Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. «Кітапхана - білімнің күншуағы» десек, «Ізденсем, білсем» деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық. «Артық білім-кітапта,ерінбей оқып көруге» деп Абай Құнанбаев атамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап - тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады.
Олай болса , № 1 Ә.Бөкейханов атындағы гимназия кітапханасының ұйымдастыруымен «Ең үздік оқырман» байқауы жоғарғы деңгейде өткізілді. Байқауда қай оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығанын, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екенін анықталды.
Алғашқы кезеңде, гимназиямыздың конференция залында, «Ең үздік оқырман» байқауының «Белсенді оқырман» номинациясын алған жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді. Кітапхана меңгерушісі С.Самихжанқызы оқушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, белсенді оқырмандарымызға сыйлық пен гимназия атынан дипломдарын табыстады.]]>

admin Thu, 29 May 2025 11:20:07 +0600
Мағжан оқулары https://www.1-taraz.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/1318-mazhan-oulary.html https://www.1-taraz.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/1318-mazhan-oulary.html
Мамыр айында гимназиямыздың 9 «А» сынып оқушысы Мият Әнел қалалық және облыстық деңгейдегі үлкен жетістікке қол жеткізді. Ол 7–11 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының қалалық кезеңінде І дәрежелі дипломға, облыстық кезеңінде ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Мағжанның сыршыл поэзиясы мен терең ойлы мұрасын бойына сіңіріп, көркем сөзге деген құштарлығын дәлелдеген Әнел – ізденіс пен табандылықтың үлгісі. Бұл жеңіс – тек жеке жетістік емес, сонымен қатар өскелең ұрпақтың рухани дүниесіне сәуле шашқан үлкен қадам.
Жүрекпен оқылған өлең ғана жүрекке жетеді. Ал мұндай жетістіктер – жас қаламгерлерге шабыт пен сенім сыйлайды.]]>

admin Thu, 29 May 2025 11:17:08 +0600
Жеңіс — жігер мен бірліктің жемісі! https://www.1-taraz.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/1317-zhes-zhger-men-brlkt-zhems.html https://www.1-taraz.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/1317-zhes-zhger-men-brlkt-zhems.html
2008–2011 жылдары туылған жасөспірім ұлдар арасында өткен волейболдан Тараз қаласының ашық турнирінде Ә. Бөкейханов атындағы №1 гимназияның намысын қорғаған жас волейболшыларымыз жүлделі I орынды иеленді! Жетекшілері - Уразымбетов Жанболат Дуйсенович пен Лесбек Елнұр Маратұлы.
Күш пен техника, ауызбіршілік пен табандылық қатар өрілген бұл додада біздің команда жоғары ойын үлгісін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Олардың әр соққысы — жеңіске деген сенім, әр қимылы — командалық рухтың көрінісі болды.
Жас спортшыларымызды және жаттықтырушы ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!]]>

admin Thu, 29 May 2025 11:15:00 +0600