Оқушыларға » Страница 2 » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
Каратэ
06
мамыр
2025
Каратэ
Гимназиямыздың 8Ғ сынып оқушысы Сунутулла Әділжан каратэдан өткен республикалық турнирде жүлделі І орынды иеленді! Оқушымыздың табандылығы мен еңбегінің жемісі – біз үшін үлкен мақтаныш. Әділжанға жарқын жеңістер мен биік белестер тілейміз!
Грепплинг
06
мамыр
2025
Грепплинг
Гимназиямыздың 2 «Г» сынып оқушысы Джурабаев Самир грепплингтен Жамбыл облысының біріншілігінде 1 орынға ие болды. Жарысқа 19 келі салмақта, 2016-1017 жас санатында, тереңдетілген секцияда спортшылар қатысты. Самир жоғары дайындық шеберлігін көрсетіп, алтын медальға ие болды. Самирдің жетістіктерін мақтан тұтамыз және одан әрі табыс тілейміз!!! Сынып жетекшісі: Тасканбаева Гульжан Пешеновна
Дзюдо
06
мамыр
2025
Дзюдо
Қырғызстан Республикасы, Бишкек қаласында атақты дзюдошы Камил Арслановтың құрметіне өткен халықаралық дзюдо турнирінде 2011-2012 жылғылар арасында 7 “А” сынып оқушысы Ергеш Исмаил жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 3-орын иеленді! Жас спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!
Сөйлесім әрекетін меңгерту әдістемесі
06
мамыр
2025
Сөйлесім әрекетін меңгерту әдістемесі
2025 жылдың 25 сәуірінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде өткен Қазжанов Ғалым Төлегенұлының “Сөйлесім әрекетін меңгерту әдістемесі” атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарына белсенді қатысып, жоғары деңгейде баяндама жасағаны үшін 9 “Б” сынып оқушысы Умирбек Жаннұр І дәрежелі дипломмен марапатталды! Жетекшісі – Мусабекова Мадина Даниярбекқызы. Оқушымыздың бұл жетістігі – табандылық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Жаннұрды және жетекшісін шын жүректен
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі
06
мамыр
2025
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өткен облыстық Пасхалық фестивальда 7-"Б" сынып оқушысы Ержанұлы Темірлан ұлттық өнерімізді ұлықтап, домбырамен тамаша өнер көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді! Өнерлі өреніміздің бұл жетістігі – қажырлы еңбектің, табандылықтың және ұстаз тәлімінің жемісі. Домбыра үйірмесінің жетекшісі: Саттерова Лаура Ауесхановнаға шығармашылық табыс тілейміз! Темірланға биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Роботтар мен Web қосымшалар
06
мамыр
2025
Роботтар мен Web қосымшалар
7 “Г” сынып оқушылары Джамалов Амин мен Мамашарипов Анисті зор мақтанышпен құттықтаймыз! М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы ұйымдастырған «Роботтар мен Web қосымшаларды бағдарламалау» атты ашық отырыста оқушыларымыз II орын иеленді. Шара мастер-класс форматында өтіп, Тараз қаласы мен Жамбыл облысының үздік оқушыларын тоғыстырды. Білімге деген құштарлықтарыңыз, табандылықтарыңыз бен талпыныстарыңыз – өзгелерге үлгі! Жетістіктеріңіз көп болсын, жас дарындар!
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
06
мамыр
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен ҚР Қарулы Күштерінің 33 жылдығына арналған "Сапта жүріп ән айту" қалалық "Алау" әскери-спорттық байқауында гимназиямыздың командасы жалпыкомандалық есепте жүлделі ІІ орынға ие болды! Жас сарбаздарымыз тәртіп пен бірліктің үлгісін көрсетіп, саптық дайындықта, орындаушылық шеберлікте өздерінің биік рухын, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін дәлелдеді. Команда жетекшісі, әріптесіміз Сатыбалдинов Қанат Алғыс хатпен марапатталды. Бұл — тек жүлде емес, бұл — жас ұрпақ
Алтын сақа
06
мамыр
2025
Алтын сақа
«Алтын сақа» интеллектуалды ойынының 5-6 сынып оқушылары арасындағы облыстық кезеңінде гимназиямыздың оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. 5-сынып оқушысы Ажимаматов Билал үздік ойын көрсетіп, І орын иеленді. Жетекшісі – математика пәні мұғалімі Карих Марина Вячеславовна. 6-сынып оқушысы Ильяс Аслан да үздіктер қатарынан көрініп, ІІ орын жеңіп алды. Жетекшісі – математика пәні мұғалімі Естаев Дәурен Естайұлы. Білім мен зерденің бәйгесінде дара шыққан шәкірттерімізге алғысымызды білдіреміз!
Жас жол инспекторлар отрядтарының XXIV қалалық слёті
28
сәуір
2025
Жас жол инспекторлар отрядтарының XXIV қалалық слёті
Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған "Жас жол инспекторлар отрядтарының XXIV қалалық слётіне" қатысқан оқушыларымыз зор жетістікке жетті! "Арыстан" жасағы слётте II дәрежелі дипломға ие болды! Жас инспекторларымыздың жауапкершілігі мен ұйымшылдығы – өзге оқушыларға үлгі. Жеңістеріңіз құтты болсын! Алға, "Арыстан"!
Встреча с  выпускниками
28
сәуір
2025
Встреча с выпускниками
23 апреля 2025 года в стенах гимназии состоялась встреча с выпускниками Рахимжаном Садыковым и Алексеем Ли с учащимися 10 классов. Цель данного мероприятия — помочь учащимся правильно выбрать будущий профессиональный путь, а также поделиться своим жизненным опытом с гимназистами. Во время встречи выпускники подробно рассказали об учёбе в университете и о выборе профессии. Они поделились полезными советами по обучению и саморазвитию. Их путь профессионального роста стал ярким примером для наших