12
ақпан
2025
Даланың дара тұлғасы
Ақпан айының 3-і күні Ә. Бөкейханов атындағы №1 гимназия қабырғасында гимназия тарихында мәңгі сақталатын ерекше іс-шара өтті. Бұл – Алаштың ардақты ұлы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, елінің бірлігі мен жерінің тұтастығы үшін аянбай тер төккен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен еңбегіне арналған «Даланың дара тұлғасы» атты дәріс сағаты еді.
📌 Іс-шара қонақтары:
1️⃣ Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы – Д.А. Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы.
2️⃣ Қалиев Берік Мақұлбекұлы – «Асқақ рух, еркін ел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Мәдениет саласының үздігі, әнші, термеші.
3️⃣ Сқақов Бегалы Аралбекұлы – қоғам белсендісі.
4️⃣ Шағырбаев Бақыт Қысатайұлы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі.
5️⃣ Тұрлыбеков Нұғман Сүлетайұлы – Д.А. Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесі төрағасының кеңесшісі.
6️⃣ Нұрланқызы Бекзат – Д.А. Қонаев орталығының меңгерушісі.
🕊️ Дәріс сабағы барысында қадірлі қонақтар Дінмұхамед Ахметұлының өмірі мен қызметі жайында тың деректермен бөлісіп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Ел басқарудағы ұстанымы, қарапайымдылығы мен адалдығы туралы тағылымды әңгімелер айтылып, оқушыларға өнегелі ойлар ұсынылды.
🎭 Сонымен қатар, қонақтар гимназия музейінің жұмысымен танысып, ондағы тарихи-танымдық экспонаттармен жіті танысты.
🎶 Іс-шара барысында гимназияның дарынды оқушылары мен ұстаздары өз өнерлерін паш етті:
🎼 Күмбірлеген домбырадан төгілген күй тыңдарман жүрегін тербесе, әсем әндер жиынның рухын асқақтатты.
🎭 «Асылдың тұяғы» атты қойылым көрерменге Димекеңнің өмірінің бір үзігін бейнелеп, шынайы әсер қалдырды.
🔹 Іс-шара соңында қонақтар гимназия ұжымына зор алғысын білдіріп, ұстаздарды Д.А. Қонаев атындағы халықаралық қорға мүшелікке қабылдап, құрмет белгісі ретінде Қонаев қорының төсбелгісін табыстады. Бұл – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттауда аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға көрсетілген ерекше құрмет еді.
🔹 Бұл тағылымды кездесу – жастардың санасына ұлт руханиятының асыл құндылықтарын сіңіріп, елінің өткенін құрметтеуге баулитын ерекше сабақ болды. Ұлт үшін аянбай қызмет еткен тұлғаларды дәріптеу – болашаққа бағдар жасаудың жарқын көрінісі.
«Тарихын білген ұрпақ – тамырын тереңге жайған бәйтерек» демекші, Д.А. Қонаевтың дара жолы – мәңгілік ел мұратына жетелер шамшырақ іспетті.